Суретке қара. Ғаламтордың тұңғиығы тақырыбында ғаламторды пайдалану мәдениеті туралы мәтін құрап жаз.Мәтінде осы "Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау-мәдениет"бөлімінде меңгерген білімің, жаңа ағпарат...

Хотите узнать готовый ответ на вопрос Суретке қара. Ғаламтордың тұңғиығы тақырыбында ғаламторды пайдалану мәдениеті туралы мәтін құрап жаз.Мәтінде осы "Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау-мәдениет"бөлімінде меңгерген білімің, жаңа ағпарат... и правильно решить домашнее задание по предмету Қазақ тiлi? Подробное решение смотрите ниже.

Суретке қара. Ғаламтордың тұңғиығы тақырыбында ғаламторды пайдалану мәдениеті туралы мәтін құрап жаз.Мәтінде осы "Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау-мәдениет"бөлімінде меңгерген білімің, жаңа ағпарат қамтылуы тиіс.Талаптар: көлемі: 160-180 сөз. Деректер,мақал-мәтелдер болуы шарт. Үстеулерді қолдан

Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол – Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз. Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды. Ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Әлем торласып үлгерді аз уақытта. Кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. Бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. Дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдердің әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін. Ғаламтортұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын, жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз… Ғаламтор ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады. Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба. Оның бізге үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге дұрыс сәйкескісі келген адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет айасы төтенше шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Похожие ответы

Помогите 6 т предложение синтаксический разбор всех предложений
Помогите 6 т предложение синтаксический разбор всех
берілген етістіктерді шақ формасымен түрлендіріп , сөйлем қура
берлген етстктерд ша формасымен трлендрп , сйлем ура
Қазақстан сөзіне кластер құрап беріңіздерші!!өтініш
азастан сзне кластер рап берздерш!!тнш
Нужно сочинение по каз-яз на тему:мой класс(В моём классе 29 человек) 10-12 предложений заранее спасибо
Нужно сочинение по каз-яз на темумой классВ моём классе 29 человек 10-12 предложений заранее