Биография, на казахском языке, про Шакена Айманова

Хотите узнать готовый ответ на вопрос Биография, на казахском языке, про Шакена Айманова и правильно решить домашнее задание по предмету Қазақ тiлi? Подробное решение смотрите ниже.

Биография, на казахском языке, про Шакена Айманова

Айманов Шәкен Кенжетайұлы (1914-1970) – қазақтың әйгілі әртісі, режиссер. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Орта мектеп бітірген соң (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Осы кезден бастап театр өнерімен әуестеніп, 1933 жылы Қазақ драма театрының құрамына алынады. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, әртістік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды /1951/. 1953 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті. Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі. Ол М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханов және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренев, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А.Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф.Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш.Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ш.Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер. Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар.

Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1928 жылы орта мектепті бітіріп, 1931-1933 жж. Семей Қазақ ағарту институтында оқиды. 1933 жылы Алматы қаласына келіп, Қазақ драма театрының құрамына қабылданады. 1947-1951 жж. аталған театрдың бас режиссері болады. Театрдағы қызметі барысында актерлік шығармашылығын шыңдап, шеберлігімен көзге түсті. Театрдағы үздік рөлдері: Ақан сері («Ақан сері — Ақтоқты», Ғ. Мүсірепов), Қобыланды («Қарақыпшақ Қобыланды», М. Әуезов), Казанцев («Түнгі сарын, М.Әуезов), Тихон («Найзағай» А. Островский), солдат Шадрин («Мылтықты адам», Н. Погодин), Петруччио («Асауға-тұсау», Шекспир), Отелло («Отелло», Шекспир). 1952 жылы «Абай» (М.Әуезов, Л.Соболев) қойылымы үшін Сталин атындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады. 1938 жылдан бастап Шәкен Айманов кеңес кинофильмдеріне түседі. 1954 жылдан бастап режиссер болып, бірқатар фильмдерді түсірді. Өз мамандығының хас шебері ретінде Шәкен Айманов өз кейіпкерлерін сомдағанда көзтартар іс-қимылдар жасаумен қатар, оның ішкі дүниесін ашуға тырысатын. Режиссерлік қызметі барысында Айманов кинофильм мазмұнын жан- жақты ашып, ой толғамдармен қызықтырып, көркемдік жағынан суреттейтін. Дарынды актер, шебер режиссер қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі болып, қазақ өнерінің жанданып, дамуына үлкен үлесін қосты.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/199/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Похожие ответы

30 баллов каз яз пжж помогите срочно Мына екі тақырып бойынша саяхат жетекшісі болып əнгімелеңдер. Сызба ішіндегі сөздерді пайдаланыңдар .
30 баллов каз яз пжж помогите срочно Мына ек таырып бойынша саяхат жетекшс болып нгмеледер. Сызба
226жаттыгу 6 сынып көр, қыр сүрт тара ки шеш біл сəнде сөздерін салт етістікке айналдыру
226жаттыгу 6 сынып кр, ыр срт тара ки шеш бл снде сздерн салт етсткке
Напишите мини ессэ на тему "Флаг Герб и Гимн Казахстана"На Казахском не используейте перевочкик
Напишите мини ессэ на тему Флаг Герб и Гимн КазахстанаНа Казахском не используейте
составить диалог на казахском на тему магазин с помощью этих слов: жартылай дайын өнімдер, сақталу мерзімі, мерзімі өткен
составить диалог на казахском на тему магазин с помощью этих слов жартылай дайын нмдер, саталу
помогите перевести по брадски
помогите перевести по брадски